Шымкентте патрульдік көлікті жеке мақсатта пайдалану дерегі тексеріліп жатыр

182

Бұл туралы қалалық Полиция департаменті өкілдері мәлімдеді. 

Шымкентте патрульдік көлікті жеке мақсатта пайдалану дерегі тексеріліп жатыр Фото: inbusiness.kz

Шымкентте патрульдік көлікті жеке мақсатта пайдалану дерегі тексеріліп жатыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Otyrar.kz-ке сілтеме жасап.

Бұл туралы қалалық Полиция департаменті өкілдері мәлімдеді. Басылым мәліметінше, оқиға куәгерлері редакцияға видео жолдаған. Онда патрульдік полиция көлігінің жеке үйге келе жатқаны көрінеді. Қызметтік көлікті қарапайым киім киген ер адам айдап келе жатыр, ал артқы жолаушы орындығында балалы екі әйел отыр.

Куәгерлердің айтуынша, видео 10 сәуірде түсірілген. Шымкент қалалық Полиция департаментінің өкілдері патрульдік көлікті басқарған жүргізуші кім екенін анықтап, қызметтік көлікті жұмыстан тыс уақытта пайдаланғаны үшін, сондай-ақ, жеке ісімен жүргені үшін жауапкершілікке тартуға уәде берді.

"Қазір бұл дерек бойынша полиция қызметкеріне қатысты қызметтік тексеру жүргізіліп жатыр. Полиция қызметкеріне қатаң тәртіптік жаза қолданылады", - деді департаменттің баспасөз қызметі өкілі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу