Шымкентте патрульдік полиция ротасының командирі қамауға алынды

366

Қылмыстық іс қозғалды. 

Шымкентте патрульдік полиция ротасының командирі қамауға алынды Фото: бейнеден скриншот polisia.kz

Қала тұрғындарының Шымкент патрульдік полиция ротасының командиріне қатысты делдалдар арқылы бопсалау және пара алу фактісі туралы арыздары бойынша полиция департаментінің жеке қауіпсіздік басқармасы қылмыстық іс қозғады, деп жазады inbusiness.kz Otyrar-ға сілтеме жасап.

Жиналған материалдардың нәтижелері бойынша күдікті ұсталып, ӘТҚ-ға қамауға алынды.

"Полиция департаментінің басшылығы заң бұзушылық пен антты бұзудың кез-келген көріністеріне жауап береді. Бұрынғы еңбегіне қарамастан, бірде-бір кінәлі полиция абыройына нұқсан келтіретін әрекеттер үшін жауапкершіліктен құтыла алмайды", — делінген хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу