Шымкентте пештен ақау шығып, үй иесі көз жұмды

373

Сондай-ақ қайғылы жағдайдан соң үш адам ауруханаға жеткізілді. 

Шымкентте пештен ақау шығып, үй иесі көз жұмды Фото: freepik

27 ақпан күні Шымкенттің Абай ауданында, Игілік ықшамауданындағы жеке тұрғын үйде табиғи газбен жылыту пеші істен шығып, бәр әйел көз жұмды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Otyrar.kz порталына сілтеме жасап.

Марқұмның үй иесі екені белгілі болды. Сондай-ақ қайғылы жағдайдан соң үш адам ауруханаға жеткізілді.

Төтенше жағдай министрлігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға орнына 2 адам және 1 техника, "Интергаз" АҚ-ның 3 қызметкері мен 1 техника жіберілді.

ТЖМ қазақстандықтарға өрт қауіпсіздігі қағидаларын қатаң сақтау керегін ескертеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу