Шымкентте полиция түнде сыртта жүрген 319 жасөспірімді анықтады

739

Шымкентте "Түнгі қаладағы балалар" жедел-профилактикалық іс-шарасының нәтижесінде 353 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды, деп хабарлайды inbusiness.kz қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Шымкентте полиция түнде сыртта жүрген 319 жасөспірімді анықтады

Шымкент қаласы полиция департаментінің қызметкерлері ағымдағы жылдың 23-30 наурызы аралығында қала аумағында "Түнгі қаладағы балалар" жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізді. Іс-шара барысында 353 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды.

Соның ішінде, түнгі сағат 23:00-ден кейін заңды өкілінсіз тұрғын үйден тыс жерлерде болған 319 жасөспірім, түнгi уақытта ойын-сауық мекемесінде болған 11 жасөспірім, ортақ пайдаланылатын орындарды ластаған 9 жасөспірім және балаларын тәрбиелеу жөніндегі міндеттерін орындамайтын 5 ата-ана анықталған.

"Анықталған құқық бұзушылықтардың барлығына әкімшілік хаттамалар толтырылды. Сонымен қатар, 32 жасөспірім және 35 қолайсыз отбасы Ішкі істер органының есебіне қойылды. Ішкі істер органының есебінде тұратын жасөспірімдер және отбасылар тұрғылықты мекенжайы бойынша тексеріліп, түсіндірме жұмыстары жүргізілді",– дейді департаменттен.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу