Шымкентте полицияны көлігімен қағып, қашып кеткен жүргізушіге қылмыстық іс қозғалды

215

Күдікті бағдаршамның қызыл түсіне өтіп, ереже бұзған.

Шымкентте полицияны көлігімен қағып, қашып кеткен жүргізушіге қылмыстық іс қозғалды Фото: Zabnalog.ru

Сол кезде полция оны тоқтатып, құжаттарын сұраған. Алайда, жүргізуші дөрекілік танытып, онымен қоймай көліктің жолын жапқан полиция қызметкерін басып өткен, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

– Қауіпті жүргізушіні тоқтату мақсатында және басқа жол-көлік оқиғаларын болдырмау үшін инспектор Бақытжан Боранбай көліктің жолын жауып тастады. Бірақ ер адам көлігін жүргізуді жалғастырып, полицейді басып өтіп, артынша оны бірнеше метрге сүйреп, кейін қашып кеткен, – деді Шымкент қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі ұсынған ақпаратта. 

Көп ұзамай күдікті табылып, қамауға алынды. Медициналық куәландыру қорытындысына сәйкес, ол есірткілік масаң күйде болған.

–  Жүргізуші уақытша ұстау изоляторына қамалды. Құқық қорғау органы қызметкерінің өмірі мен денсаулығына қауіп төндіргені үшін ол 12 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін, –  делінген полиция ақпаратында.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу