Шымкентте полицияның талабына бағынбаған мас жүргізуші ұсталды

468

Ол 15 тәулікке қамауға алынды.

Шымкентте полицияның талабына бағынбаған мас жүргізуші ұсталды Фото: Polisia.kz

Шымкентте полиция қызметкерлерінің заңды талабына бағынбаған мас жүргізуші 8 жылға көлік басқару құқығынан айырылып, 15 тәулікке қамауға алынды, деп хабарлайды inbusiness.kz  Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Полицейлер түнгі уақытта қала көшелерін патрульдеу кезінде Тәуке хан даңғылының бойында тізгіндеушісі мас күйде болуы мүмкін деген күдікпен Chery Tiggo автокөлігін тоқтатты. Алайда көлік тізгіндеген азамат тәртіп сақшыларының заңды талабына бағынудан түбегейлі бастартып, жылдамдықты асырып, қашып құтылуға тырысқан. 

Ер адамның бұл әрекеті жол қозғалысына қатысушы өзге де тұлғалардың өміріне үлкен қауіп төндірді. Автоэкипаж қызметкерлері көмекке әріптестерін шақырып, жауапкершіліктен жалтармақ болған жүргізушінің соңына түсті. 

Тәртіп сақшылары жол апаты жағдайларының болуы мүмкін екенін ескеріп, оны құрықтау үшін барлық қажетті шараларды қабылдады. Нәтижесінде заң бұзушы Рысқұлов көшесінің бойында ұсталды. Полицейлер оның іс әрекетінен мастық белгілерін анық байқаған. Алайда ер адам алкогольді ішімдік ішу дерегін анықтау үшін медициналық тексеруден өтуден бас тартты. 

Аталған жайтқа қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 613-бабы 1-бөлігі (Полиция қызметкерлерінің көлік құралын тоқтату туралы заңды талабын орындамау) және осы баптың  4-бөлігі (Масаң күйін куәландырудан өту туралы заңды талабын орындамау) бойынша хаттама толтырылды. Жинақталған іс-құжаттар әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотқа жолданды. 

Сот шешімен азамат 15 тәулікке қамауға алынып, 8 жылға көлік басқару құқығынан айырылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу