Шымкентте халыққа тегін кеңес беретін прокурорлық кеңсе ашылды. Бұл – еліміздегі Астанадан кейінгі екінші орталық.
Онда күні бойы кезекші прокурорлар халықтың талап-тілегін қабылдап, түсіндіру жұмысын жүргізеді. Осыған байланысты облыстық бас прокуратура өкілдері "Халыққа арналған прокуратура" атты бастаманы қолға алды.
"Жоба азаматтардың өтініштерін уақтылы қарап қана қоймай, мәселелердің қысқа мерзімде әділ шешімін табуына көмек береді", – дейді мамандар.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу