Алайда ол үшін бұған халықтың келісімі керек, деп хабарлайды inbusiness.kz "Хабар 24" телеарнасына сілтеме жасап.
Қазір тұрғындармен келіссөз жүргізіліп жатыр. Тұрғын үй басқармасындағылар халықтың толық келісімін алған жағдайда ғана жөндеу басталатынын айтады.
Қала билігінің айтуынша, Шымкентте 107 үй әбден ескіріп, тозған. Оларды сүріп, орнына жаңа тұрғын үй салуға тура келеді. Бірақ кең ауқымды реновация бағдарламасын жүзеге асыру үшін әрбір тұрғынның келісімі қажет.
Ескі шағын аудандардағы көптеген үйлер өткен ғасырдың 50-жылдарында салынған. Тіпті одан ескілері де бар. Қазір бағдарламаны жүзеге асыруға 3 инвестор қызығушылық танытып отыр. Белгіленген нақты аудандар бар. Олар: 1 май, Қалдаяқов пен Түркістан көшелеріндегі үйлер. Мұнда бәрі тұрғындардың келісімімен жүзеге асады.