Шымкентте ресейлік азаматтың өзі жұмыс істейтін дүкеннің 9 млн теңгесін жымқырғаны анықталды

1205

  Тергеу барысында ер адам ақшаны жұмсап жібергені анықталған.

Шымкентте ресейлік азаматтың өзі жұмыс істейтін дүкеннің 9 млн теңгесін жымқырғаны анықталды

Шымкентте 20 жастағы сантехника дүкенінің менеджері бір жылда кәсіпорын шотынан 9 млн 250 мың теңге ұрлаған, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Күдікті кәсіпкерге келтірілген зиянның орнын толтыру үшін тегін жұмыс істейтігін айтқан. Алайда кәсіпорын директоры онымен келіспей, полицияға арызданған.

Тергеу барысында ер адамның Ресей азаматы екені, Қазақстанда ықтиярхатпен тұрып жатқаны анықталған. Ол 2019 жылы таныс кәсіпкердің дүкеніне менеджер болып жұмысқа орналасқан.

Ер адамның арнайы білімі болмаса да интернет-банкингтің қыр-сырын білген. Сондықтан дүкен иесі оған кәсіпорынның қаржылық операцияларын жүргізуді тапсырған. 

Жыл соңында менеджер жұмыс берушінің сеніміне кіргеніне соншалық "жеке кәсібін" ашуға шешім қабылдаған. Ол жеке шот ашып, кәсіпорынның қаржысын соған аударып отырған.

2020 жылғы қаңтарда компания директоры қаражаттың жоғалғанын байқап, тексеріс жүргізген.

Шымкент қаласы Әл-Фараби аудандық соты күдіктіні кінәлі деп тапқан. Сотталушы Ресей азаматы болғандықтан сот оны елден шығаруды қарастырған. Алайда ер адамның Қазақстан азаматына үйленгенін, 2 баланы тәрбиелеп отырғанын ескеріп, сот оны елден шығармаған. Сот үкімімен сотталушы жазасын қауіпсіздігі орташа колонияда 3 жыл 6 ай өтейтін болды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу