Шымкентте робот жасауды үйрететін мектеп ашылды

1568

Шымкентте робот жасауды үйрететін мектеп ашылды

Шымкентте робот жасау техникасының мектебі ашылды.  Бұл игі шараны  "Бизнестің жол картасы – 2020" бағдарламасының мемлекеттік грантын жеңіп алған Астана қаласындағы Н. Назарбаев университетінің түлектері қолға алып отыр, деп хабарлайды ОҚО әкімінің баспасөз қызметі. 
Роботтарды құрастырудың алғашқы жобасы Астанада сәтті жүзеге асырылған соң жастар кибермашиналарды құрастыру негізін шымкенттік балаларға үйретуге шешім қабылдапты. 
3 млн теңге көлемінде қайтарымсыз грант иеленген түлектер бұл қаржыға ғимарат жалдап, қажетті  техника сатып алған.  Жоба жетекшілерінің бірі Саодат Естиярованың айтуынша, олар балаларға робот жасау техникасының барлық негізін үйретпек.  Бұл әдіс Астана қаласында сәтті тәжірибеден өтіпті.
"Төрт ай бойғы үйрету мерзімінде балалар электромобильдермен квадрокоптер құрастыруды үйренеді. Мұнымен қоса бағдарлама жасауды, 3D модельдеу мен басып шығару, гаджет, қосымшалар мен сайт жасауды оқиды. Маңыздысы - бағдарлама жасауға үйрету процесі ойын түрінде өтеді. Соның нәтижесінде балалар оқығандарын жақсы меңгереді", - дейді жоба жетекшісі және Назарбаев университетінің түлегі Саодат Естиярова.
Айта кетейік, аталған мектепке балалар 5-7 жастан қабылданады.  Курс 4 айға созылады. Оқу ақысы - айына 15 мың теңге.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу