Шымкентте Руслан Берденовке қастандық жасау ісі бойынша сот басталды

139

Судья айыпталушы Ернар Жиенбайды бейнежазбаға түсіруге тыйым салды.

Шымкентте Руслан Берденовке қастандық жасау ісі бойынша сот басталды Фото: Мәжіліс

Шымкентте қала әкімінің орынбасары Руслан Берденовке қастандық жасау фактісі бойынша сот процесі басталды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Істі судья Абинұр Карабаев жүргізуде. Сот процесі мемлекеттік тілде және ашық форматта өтуде. Алайда судья айыпталушы Ернар Жиенбайды фото-видеоға түсіруге тыйым салды. Руслан Берденовтің өзі сотқа қатысып жатқан жоқ. 

Еске салсақ, Ернар Жиенбай ҚР Қылмыстық кодексінің 24-бабы 3-бөлігі (“Қылмысқа дайындалу және қылмысқа оқталу”) және 99-бабы 1-бөлігі (“Адам өлтіру”) бойынша айыпталып отыр.

Оқиға 2024 жылдың көктемінде орын алған. Ернар Жиенбай Шымкент әкімдігі ғимаратының алдында Руслан Берденовке оқ атқан.

Бұл  – оның қала әкімінің орынбасары қызметіне тағайындалғанына екі ай ғана болған уақыт. Бұған дейін Руслан Берденов Парламент Мәжілісінің депутаты болды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу