Шымкентте сәбиінің өлі денесін қорапқа салып, тастап кеткен ана ұсталды

487

Аталған факті бойынша қала тұрғыны анықталып, ұсталды. 

Шымкентте сәбиінің өлі денесін қорапқа салып, тастап кеткен ана ұсталды Фото: freepik

Шымкент полициясы шала туған сәбиінің өлі денесін қорапқа салып, қаладағы Түркістан облыстық перинаталдық орталыққа тастап кеткен әйелді ұстады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Ведомство мәліметінше, ол — Шымкент қаласының тұрғыны. 

"Аталған факті бойынша қала тұрғыны анықталып, ұсталды. Қылмыстық іс қозғалып, сот-медициналық сараптама тағайындалды. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр", - делінген полиция мәліметінде. 

Еске сала кетейік, 7 мамыр күні кешкі 21.00 шамасында Шымкентте орналасқан № 2 Түркістан облыстық перинаталды орталығына белгісіз адам келіп, шамамен 20-21 апталық шала туған қыз баласының денесін тастап кеткен еді.  

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу