Шымкентте садақ атудан халықаралық турнир басталды

1083

Шымкентте садақ атудан халықаралық турнир басталды

Шымкенттің жеңіл атлетика спорт кешенінде садақ атудан Қазақстанға еңбегі сіңген жаттықтырушы, белгілі ұстаз-бапкер Шертай Әмірбекұлын еске алуға арналған халықаралық турнирдің жалауы көтерілді. Аламан сайысқа 6 мемлекеттің мергендері қатысуда, деп хабарлайды shymkenttv.kz. 

Облыс спортының дамуына айырықша үлес қосып, көп жылдар жоғары спорт шеберлігі мектебін басқарған Шертай Әмірбекұлы садақ спортына қазақ жастарының көптеп тартылуына да еңбек сіңірді. Соның нәтижесінде Айнұр Әбдірайымова сияқты сайыпқырандар олимпиада ойындарына қатысты. Бұл туралы жарыстың ашылу рәсімі кезінде облыстық садақ ату федерациясының президенті  Ғани  Ташқараев айтып өтті.

Халықаралық дәрежедегі дәстүрлі турнирге Ресей, Беларусь, Грузия, Армения және Орта Азия елдерінен 170-тен аса мерген қатысуда. Жабық алаңдағы жамбы атуда облыс намысын  Балғабай Елшиев басқаратын жоғары спорт шеберлігі  мектебінің  садақ ату шеберлері  қорғайды. Олардың қатарында Рио олимпиадасына қатысқан Луиза Сайдиева сынды саңлақтар да бар.  

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу