Шымкентте сайлаушылар палаудан ауыз тиді

579

Қаладағы Қызылжар шағынауданы Сабыр Рахымов атындағы жалпы білім беретін мектеп ғимаратындағы №64 сайлау учаскесінде дауыс берушілер палаудан дәм татты, деп хабарлайды inbusiness.kz.  

Шымкентте сайлаушылар палаудан ауыз тиді Фото: gov.kz

Қазақстан өзбектерінің "Дустлик" қауымдастығының бастамасымен жайылған дастарханнан дәм татқан қариялар сайлау науқанындағы бұл бастамаға ризашылығын білдірді.

"Мұндай науқан кезінде бірлік пен татулықтың маңызы зор. Қазақтың дастарханы қашан да ынтымаққа себепкер болған. Бүгін сайлаушылар үшін дастархан жайып, дәм ұсынудың негізігі мақсаты да сол – бірлігімізді бекемдеу. Оның үстіне сайлау деген – мереке. Шымкенттің қай мерекесі палаусыз өткен?" – деді "Дустлик" қауымдастығының төрағасы Икрам Хашимжанов.

Айта кетейік, қаладағы №64 сайлау учаскесінде таң азаннан бері дауыс берушілер белсенді қатысып жатыр. Бұл сайлау учаскесінде 2 012 тұрғын тіркелген. Жүріп-тұруы қиын жандарға комиссия мүшелері өздері барады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу