Шымкентте салмағы 6 келіден асатын бала туылды

623

Баланың туған кездегі бойы 63 сантиметр болған.

Шымкентте салмағы 6 келіден асатын бала туылды Фото: Otyrar.kz

2023 жылғы 3 ақпанда Шымкенттегі перинаталдық орталықта салмағы 6 келі 50 грамм бала дүниеге келді, деп хабарлайды  inbusiness.kz Otyrar.kz-ке сілтеме жасап.

Анасына кесар тілігі арқылы ота жасалған. Дәрігерлердің айтуынша, бұл - оның екінші баласы. Операция сәтті өткен, бала мен ананың жағдайы жақсы.

"Перинаталдық орталығымызда күн сайын 30-дан астам сәби дүниеге келеді. 2023 жылғы 3 ақпанда бізге жүктіліктің 39-аптасындағы әйел түсті. Тексере келе іштегі нәрестенің өте үлкен екенін анықтадық. Содан кеңесіп, кесар тілігі арқылы босандыру керек деп шештік. Операция сәтті аяқталды. Содан кейін ана мен бала 5 күн бойы біздің бақылауымызда болды, содан кейін шығарылды", дейді Акушер-гинеколог Данияр Жарқынов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу