Шымкентте сапасыз салынған жол жабындысын мердігер қайта төселді

145

Қалада жол жөндеу жұмыстарында қанша ақау анықталды?

Шымкентте сапасыз салынған жол жабындысын мердігер қайта төселді Фото: syrboyi.kz

Өткен жылы Шымкент қаласында 227 шақырымды құрайтын автокөлік жолы күрделі және орташа жөндеу жұмыстарынан өтті. 247 көше, 1 көпір пайдалануға берілді. 79,3 шақырымдық көлік жолына ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде, Шымкентте жолдың жақсы және қанағаттанарлық жағдайы 75 пайызға жетті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.                

Дегенмен, құрылыс нысандарына 843 рет шығып, сараптама жүргізген "Жол активтері сапасының ұлттық орталығы" РМК Шымкент қалалық филиалы 228 ақау мен кемшілікті анықтады. Сондай-ақ, сараптама барысында 1494 жол-құрылыс материалдары іріктеліп алынды. Оның ішінде 873 сынама талапқа сәйкес келсе, қалған 621 сынама нормативтік талаптарға сай болмай шықты. 

– Сәйкес келмеген жол-құрылыс материалдары бойынша сәйкестендіру жұмыстары жүргізілуде. Бүгінгі таңда ол ақаулар жөнінде мердігерге, техникалық қадағалау мекемелеріне хаттармалар толтырылды. Нәтижесінде 1 техникалық қадалаушыға айыппұл салынды. 1,4 млн теңгенің жол жабыны мердігер есебінен қайта төселді, – деді "Жол активтері сапасының ұлттық орталығы" РМК Шымкент қалалық филиалының бөлім басшысы Қайрат Шәкіров.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу