Шымкентте шетел азаматы есірткіні "Cola" сусынына жасырған

179

ҰҚК метамфетаминнің ірі партиясының контрабандалық арнасын жойды. 

Шымкентте шетел азаматы есірткіні "Cola" сусынына жасырған Фото: ҚР ҰҚК баспасөз қызметі

Ұлттық қауіпсіздік комитеті прокуратура органдарының үйлестіруімен метамфетаминнің ірі партиясының контрабандалық арнасын жойды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Шымкент қаласында жүргізілген операция нәтижесінде есірткі алуы барысында осы арнаны ұйымдастыруда күдікті шетелдік азамат ұсталды.

Ауыр жүк көлігін тексеру барысында "Cola" сусынында еріген 90 литрден астам есірткі табылып, тәркіленді.

Сараптамамен сұйықтықтың құрамындағы тыйым салынған заттардың концентрациясы 80% - дан асатыны анықталды.

Қылмыстық Кодекстің 297-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіледі.

"ҚР Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етілмейді",-делінген ҚР ҰҚК баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу