Шымкентте шетелден әкелінген 50-ден астам көлікті заңсыз тіркемек болғандар ұсталды

708

Қалалық Полиция департаментінің Процессинг орталығының екі қызметкері соттың санкциясымен қамауға алынды. 

Шымкентте шетелден әкелінген 50-ден астам көлікті заңсыз тіркемек болғандар ұсталды

Шымкентте 50-ден астам көлікті заңсыз тіркеудің жолы кесілді, деп хабарлады Polisia.kz.

"Арнайы операцияның нәтижелері бойынша жедел-іздестіру іс-шараларының кешені барысында Шымкент қаласындағы ІІМ орталық аппаратының қызметкерлері жақын шетелден кедендік төлемдерді, кәдеге жарату алымын және мемлекеттік бажды төлемей әкелінген көлік құралдарын Қазақстан Республикасында заңсыз есепке қою схемасының жолын кесті. Қалалық Полиция департаментінің Процессинг орталығының екі қызметкері соттың санкциясымен қамауға алынды. Шымкентте осы схема бойынша қазақстандық есепке қойылған 53 автокөліктен мемлекетке 320 млн теңгеден астам сомаға залал келтірілді", – деп жазады ІІМ ақпараттық порталы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу