Шымкентте шетелдіктен аса ірі мөлшерде есірткі тәркіленді

163

21 жастағы ер адам қала аумағында “синтетика” таратумен айналысқан.  

Шымкентте шетелдіктен аса ірі мөлшерде есірткі тәркіленді Фото: polisia.kz

Оны есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының қызметкерлері құрықтады. Тексеру барысында одан мефедрон салынған бумалар табылып, тәркіленді, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

Психотроптық заттардың жалпы салмағы 100 грамнан асады. Ұсталған ер адам уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Анықталған жайт бойынша полиция тергеу әрекеттерін жүргізіп жатыр.

Тәртіп сақшылары есірткінің заңсыз айналымына байланысты қылмыстар үшін ұзақ жылдарға бас бостандығынан айыру жазасы көзделгенін ескертеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу