Шымкентте шетелдіктердің мектеп салғаны анықталды

943

"Мигрант" жедел іс-шарасы барысында шетелдіктердің еңбегін рұқсатсыз пайдаланған 500 жұмыс берушіге әкімшілік шара қолданылды. 

Шымкентте шетелдіктердің мектеп салғаны анықталды

Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Нұрділдә Ораз осылай мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz. 

Нұрділдә Ораздың айтуынша, 7 маусымда басталған "Мигрант" жедел іс-шарасы көші-қон заңнамасын қасақана бұзушыларды анықтауды мақсат тұтады. 

"Операцияның 7 күнінде тиісті рұқсатсыз шетелдік жұмыс күшін пайдаланған 500 жұмыс беруші жауапқа тартылды. Заңсыз көші-қон ұйымдастыру фактісі бойынша 18 қылмыстық іс қозғалды. Шымкент қаласында мектеп құрылысына 30 шетелдікті заңсыз жұмысқа салу фактісі анықталды", – деді ресми өкіл. 

Қанат Махамбет 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу