Шымкентте шомылу маусымы басталды

1135

Биыл 4 айда қала аумағындағы суларда жазатайым оқиғалар тіркелген жоқ. 

Шымкентте шомылу маусымы басталды

Шымкентте күн ысып, халық өзен-көлдерді жағалап жатыр, деп хабарлайды 24.kz.

Осы уақыттарда су айдындарында келеңсіз оқиғалардың алдын алу және қауіпсіздікті қамтамасыз етуде төтенше жағдайлар қызметінің жұмысы қыза түседі. Сала мамандарының мәліметінше, биыл 4 айда қала аумағында суларда жазатайым оқиғалар тіркелген жоқ. Ал өткен жылы осы уақытта Шымкентте жас бала суға батып кеткен болатын.

Жалпы Шымшаһарда 4 өзен-көл мен 4 су қоймасы, 5 тоған бар. Сондай-ақ тынығатын 22 демалыс орнында аквасаябақтар бар.

"Қаламызды екі өзен қақ жарып өтеді. Қарапайым ғана шомылу ережелерін сақтаса, ешқандай қайғылы оқиға болмайды. Қарапайым деп айтқаным, біріншіден, нақты белгіленген жерде шомылу керек. Егер белгіленбеген жерде шомылса, лайға, басқаға батып кетуі мүмкін. Ал ересектерге айтарым, жас балаларды қараусыз қалдырмауы керек", –­­ дейді қалалық ТЖД бастығының орынбасары Ерғали Бахаев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу