Шымкентте снарядты бөлшектемек болғандар ауыр халде ауруханаға түсті

814

Олар металл қабылдау орталығына өткізу үшін снаряд гильзасын арамен кеспек болыпты. 

Шымкентте снарядты бөлшектемек болғандар ауыр халде ауруханаға түсті

Шымкенттің шетіндегі Забадам ықшамауданында болған жарылыс салдарынан екі адам ауыр халде ауруханаға түсті, деп хабарлайды КТК.

Жер үйде болған оқиға орнында полиция қызметкерлері, төтенше жағдайлар мамандары мен арнайы қызмет өкілдері жұмыс істеді.

Ішкі істер министрлігі расымен де оқиға орнынан артиллериялық снарядтар табылғанын айтады. Құзырлы орын мәліметінше, зардап шеккендер металл қабылдау орталығына өткізу үшін снаряд гильзасын арамен кеспек болыпты. Сол сәтте жарылыс орын алған.

Зеңбірек оқтары Арыс қаласынан әкелінгенген екен.

Қазір қылмыстық іс қозғалған.

Ал, зардап шеккен 36 және 21 жастағы екі азаматқа шұғыл түрде ота жасалды. Әсіресе, біреуінің жағдайы өте ауыр дейді дәрігерлер.

"1984 жылғы науқас түскен кезде сол аяғының жарақаттан кейінгі ампутациясы, сол қолының жарақаттан кейінгі ампутациясы, сүйектерінің ашық сынуы болды. Жарақат шовымен жедел түрде операция бөліміне алынды", – дейді дәрігер Сәбит Байбосынов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу