Шымкентте емхананың бас бухгалтері 7,5 жылға сотталды

232

Прокурор 7,5 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады.  

Шымкентте емхананың бас бухгалтері 7,5 жылға сотталды Фото: Pixabay.com

Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты Дене шынықтыру және спорт басқармасы емханасының бас бухгалтеріне қатысты қылмыстық істі қарады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Тергеу органымен ол қызмет бабын пайдалана отырып, аса ірі мөлшерде бөтеннің сеніп тапсырылған мүлкін иеленді деп айыпталды (ҚК-нің 189-бабының 4-бөлігінің 2-тармағы бойынша).

Емхананың бас бухгалтері бір жыл бойы қызметкерлердің шотына жалақысынан асып түсетін қаражатты есептеп отырған. Содан кейін ол осы артық жинақталған қаражатты досының банк картасына қайтаруды сұраған. Осылайша, бұл ақшаны өзі иемденіп, өз қажеттіліктеріне жаратқан.

Сотталушының әрекетінен мемлекетке 29 миллион теңгеден астам шығын келтірілген.

Прокурор 7,5 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады.

Сотталушы өз кінәсін ішінара мойындап, соттан бас бостандығынан айырумен байланысты емес жаза тағайындауды сұрады.
 

"Сот сотталушының шын жүректен өкінуін жеңілдететін мән-жайлар деп таныды, келтірілген зиянды ішінара өтеу, ауырлататын мән-жайлар белгіленбеген.

Сотталушы ҚК-нің 189-бабының 4-бөлігінің 2) тармағы бойынша кінәлі деп танылды. Оны мемлекеттік қызметте лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, 7,5 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды", - делінген сот хабарламасында.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу