Шымкентте сталкинг пен қыз алып қашуға қарсы ауқымды форум өтті

135

Іс-шара қыз-келіншектердің қауіпсіздігі мен құқығын қорғауға арналған.      

Шымкентте сталкинг пен қыз алып қашуға қарсы ауқымды форум өтті Фото: polisia.kz

Шымкентте сталкингке қарсы ауқымды форум өтті, деп жазады inbusiness.kz сайты.

"Қыз тағдыры – ел тағдыры" атты форумды полиция департаменті өткізіп, оған мыңнан астам адам қатысты.

Форумға қала әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек, полиция департаменті бастығының орынбасары Еркебұлан Ережепов, сондай-ақ адам құқықтарын қорғау саласының мамандары, теологтар мен қоғам белсенділері қатысты.

Іс-шара барысында сталкингтің қоғамға тигізетін зияны, оның психологиялық және құқықтық салдары кеңінен талқыланды. Мамандар мұндай әрекеттердің жеке адамның өміріне және қауіпсіздігіне қол сұғу екенін атап өтті.

Сонымен қатар, қыз алып қашу мәселесіне ерекше назар аударылып, бұл әрекеттің "дәстүр" емес, қылмыс екені нақты айтылды. Спикерлер сталкинг пен қыз алып қашуға жол жоқ екенін, мұндай құқықбұзушылықтар үшін заң аясында қатаң жауапкершілік қарастырылғанын жеткізді.

Форумның мақсаты – қоғамда қыз-келіншектердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, олардың құқықтарын қорғау мәдениетін қалыптастыру және құқық бұзушылықтардың алдын алу. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу