Шымкентте су қоймалары 70%-ға толды

729

Шымкентте толассыз жауған нөсер жауыннан су қоймалары 70%-ға толды.  

Шымкентте су қоймалары 70%-ға толды Фото: gov.kz

Қазір төтенше жағдайлар департаментінің мамандары тасқын судың алдын алуға қамданып, жоспарлы жұмыстарды күшейтті, деп жазады inbusiness.kz.

Құтқарушылар жыл басынан бері тікұшақпен 3 рет әуеге көтеріліп, барлау жүргізген. Мониторингтік бақылау нәтижесі көрсеткендей, әзірге су айдындары мен қаупі жоғары аймақтарда жағдай тұрақты. Тек гидротехникалық 10 құрылыс нысанының бірі күрделі жөндеуді қажет етеді. Сала мамандары техникалық тексерістен соң Ақжар су қоймасын жөндеуге бюджеттік өтінім жолдаған.

Сондай-ақ өткен аптада жауған жауын-шашын салдарынан 50 учаскеде су басу қаупі байқалғанын хабарлады. Ондағы ирригациялық жүйелер уақытылы тазаланбай, су сыйымдылығы азайған. Тиісті мамандарға ескерту жасалды.

Синоптиктердің болжамынша, осы айда тағы жауын жауады.

"Қаланың 4 су қоймасындағы судың деңгейі 5%-тен 70% толып тұр. Қалаға үлкен су келуі мүмкін деген ақпарат түскен. Өйткені Қазгидрометтің болжауы бойынша Түркістан облысы, Төле би ауданында таулы қатпарларға қар көп түскен және күн күрт жылығаннан кейін тез еруі мүмкін. Содан кейін үлкен су келу деген қауіп болғандықтан, тікұшақпен бүкіл қаламыздың аумағын аралап шықтық. Бүгінгі таңда айтатын болсақ, қалада су басу қаупі жоқ", - деп мәлімдеді қалалық ТЖД басшысының орынбасары Жәнібек Кәрімбаев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу