Шымкентте су құбырын жөндеу кезінде 2 жұмысшы қаза тапты

326

Оқиғаға байланысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.

Шымкентте су құбырын жөндеу кезінде 2 жұмысшы қаза тапты Фото: depositphoto

Шымкентте құбыр төсеу жұмыстары кезінде екі жұмысшы қаза тапты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Алдын ала мәлімет бойынша, 20-22 жастағы екі жұмысшы құдық ішінде ауа құрамындағы зиянды заттан уланып, көз жұмған.

– Қазіргі таңда оқиғаның барлық мән-жайы, сондай-ақ еңбек қауіпсіздігі талаптарының сақталуына жауапты тұлғалар анықталып жатыр, – деп хабарлады Шымкент қаласының полиция департаменті.

Полиция өзге мәліметтердің Қазақстан Республикасы ҚПК-нің 201-бабына сәйкес жария етуге жатпайтынын мәлімдеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу