Шымкентте суға тұншыққан баланың беті бері қарады

772

Шымкентте суға тұншыққан баланың беті бері қарады

Шымкенттің аквапаркінде 14 жастағы жасөспірім суға тұншығып, комаға түскен болатын. Аурухананың жансақтау бөлімінде жатқан бала бүгін есін жиып, палатаға ауыстырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. 

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, жасөспірім емдеу мекемесіне 11-ші маусым күні кешкі сағат 18.00-дер шамасында түскен. "Науқас ауруханаға жеткізілгенде ес-түзсіз, ауыр жағдайда болатын. Ол бірден жансақтау бөліміне жатқызылды. Тиісті емдік шаралар жасалды. Тексеру барысында баланың өкпесі ісінгені, аспирациялы пневмониямен ауыратыны анықталды. Сондай-ақ, қуығы жарылып кеткені белгілі болды" делінген хабарламада. Дәрігерлер жасөспірімнің қуығына ота жасаған соң ғана беті бері қарап, жағдайы қалыпқа түскен. Қазіргі таңда науқас тиісті емдік шараларын қабылдауда. Мамандар баланың өміріне қауіп жоқ екенін айтады. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу