Бұған дейін өткен кездесулер барысында талқыланған ұсыныстар негізінде Шымкентте сусын зауытын салу жобасы талқыланды, деп хабарлайды inbusiness.kz Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Кәсіпорын іске қосылса, 100 адамға жаңа жұмыс орны ашылады. Инвестицияның жалпы көлемі 27 млрд теңгені құрайды.
"Бүгінде зауытты салуға Сауда-логистикалық орталығының кеңейтілуге жоспарланған аумағынан 16 га жер телімі бөлініп отыр. Онда газдалған және газдалмаған сусындар, мұздатылған шайлар мен түрлі шырындар шығарылатын болады", - делінген хабарламада.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу