Шымкентте тағам сататын орындар тексерілді

1092

Өткен жылы ерекше тәртіппен және жоспардан тыс барлығы 301 тағам нысаны тексерілді. 

Шымкентте тағам сататын орындар тексерілді

Шымкентте 10 тағам сату орнының жұмысы уақытша жабылды. Оның жетеуі құйылмалы балмұздақ сататын орын. Бұл туралы қоғамдық денсаулық сақтау департаменті мамандары мәлімдеді, деп хабарлайды otyrar.kz.

Өткен жылы ерекше тәртіппен және жоспардан тыс барлығы 301 тағам нысаны (тойхана, шайхана, дәмхана, кремдік кондитерлік өнімдер шығаратын, сүт өңдеу, ет өңдеу нысандары, наубайханалар, құйма балмұздақ, лаваш, самса сататын орындар, жұмысшыларға арналған асханалар және т.б.) тексерілді. Оның ішінде 210-ының санитарлық талаптарды бұзғандығы анықталды.

"Медициналық тексеруден дер кезінде өтпеу, фортификацияланбаған ұнды пайдалану, өндірістік бақылаудың болмауы, кейбір азық-түліктердің сапасын және қауіпсіздігін дәлелдейтін құжаттарының болмауы, залалсыздандыру заттары жеткілікті мөлшерде еместігі, арнайы жұмыс киімінің толық еместігі секілді кемшіліктер анықталды. Ол бойынша 200-ден аса айыппұл салынды, кемшіліктерді жою туралы орындау мерзімі нақты көрсетілген 210 ұйғарым берілді. 20 талап арыз сотқа өткізіліп, сот шешімімен 10 нысанға айыппұл салынып, жұмысы уақытша тоқтатылды, 9 нысанға жұмысы тоқтатылмай айыппұл салынды, 1-уі өз еркімен жұмысын тоқтатты. Медициналық байқаудан өтпеген 58 адам жұмыстан уақытша шеттетілді", – дейді Шымкент қалалық қоғамдық денсаулық сақтау департаменітінің мамандары.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу