Кадрлардан әйел адамның көліктің бүйір және артқы терезелерін таспен ұрып, сындырғанын көруге болады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Аталған жағдайға қатысты Шымкент полициясы бөтен мүлікті қасақана бүлдіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.
"Тергеу мен сараптама нәтижелері бойынша процестік шешім қабылданады. ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес, өзге мәліметтер жариялауға жатпайды", – делінген Шымкент қаласы полиция департаментінің ақпаратында.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу