Шымкентте таксиге мінген екі адам табылмай жатыр

577

Аталған жағдайға байланысты Шымкент қаласы Полиция департаментінің баспасөз қызметі іздеу жұмыстары жүргізіліп жатқанын хабарлады. 

Шымкентте таксиге мінген екі адам табылмай жатыр Фото: freepik

Әлеуметтік желіде тараған ақпаратқа сүйенсек, Шұбарсу ауылының 17 жастағы тұрғыны Ермекбай Арайлым Ерболқызы түнгі сағат 23:00 шамасында Шымкенттен ауылына қайтпақ болып "Алаш" базарының алдында таксиге отырған. Содан кейін телефоны сөніп, хабарсыз кеткен, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Іздеу жұмыстарына Шымкент қаласы полиция департаментінің кешенді күштері мен құралдары жұмылдырылды. Аудандық бөлімдердің жеке құрамы мен көрші өңірлердің полиция департаменттеріне бағдар жолданды",  делінген хабарламада.

Арада бірнеше күн өткенде дәл осы жағдай қайталанып отыр. Бұл жолы 20 жастағы Еділбек Бәйдібек Ақмырзаұлы Ордабасы ауданынан Шымкентке келген. Көлік жүргізу куәлігін алмақ болған ол, шаруалары біткен соң "Алаш" базары аумағынан таксиге отырады. Дегенмен, жігіт үйіне жетпеген. Телефоны да сөндірулі тұр. 

"Жоғалған азамат туралы арыз бойынша полицейлермен іздестіру шаралары жүргізілуде. Ер адамды анықтауға бағытталған жұмыстарға полиция департаментінің барлық күші жұмылдырылды", – делінген хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу