Шымкентте танысудан бас тартқан қыздың бетіне шыны стақан лақтырған: Полиция ер адамды ұстады

766

Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Шымкентте танысудан бас тартқан қыздың бетіне шыны стақан лақтырған: Полиция ер адамды ұстады Фото: Видеодан скриншот

Қалалық Полиция департаменті аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Келеңсіз жайт 25 қараша күні қаладағы дәмханалардың бірінде болған.

Ресми дерекке сүйенсек, мекемеге келушілер алдымен өзара сөзге келіп, арты жанжалға ұласқан. Ұрыс кезінде ер адам әйелге қарай шыны бокал лақтырған. Соққы салдарынан жәбірленушінің беті мен қолы жарақаттанған.

Алдын ала болжам бойынша, жанжалға ер адамның әйелмен таныспақ болған сәтсіз әрекеті себеп болған.

"Аталған факті бойынша полиция департаменті қылмыстық іс қозғады. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері күдіктінің жеке басын анықтады. Ол ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды", – деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

Қазіргі уақытта тергеу амалдарын Шымкент қалалық полиция департаментінің басшылығы өз бақылауына алды.

Бұған дейін Шымкентте дәмханаға келушілер мен күзетшілер жанжалдасып, сыртта өзара төбелесті. Бір күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу