Шымкентте өзін көмекке шақырған қызды жұлқылап, "тәртіасіздік" танытқан тәртіп сақшысы жауапкершілікке тартылды. Аталған іс бойынша Полиция департаменті пікір білдіріп, полицияға қатысты тексеріс басталғанын мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайтының тілшісі.
Аталған оқиға әлекметтік желідегі парақшада жарияланды.
"Тексеру нәтижесінде полиция қызметкеріне ескерту беріліп, ол қызметтік қатаң тәртіптік жауапкершілікке тартылды", – деп хабарлады Шымкент полиция департаменті.
Естеріңізге сала кетейік, Шымкентте полицияға жүгінген қыздарға тәртіп сақшысы шабуыл жасағаны еді. Бейнежазбада көмекке келген полиция өзінен қызметтік құжат сұрағаны үшін қыздарға ашуланып тап берген.