Шымкентте тәртіпсіздіктер кезінде көліктерді өртеген 8 күдікті жауапқа тартылады

694

Шымкентте қаңтар оқиғасы кезінде көліктерді өртеген 8 күдіктінің ісі сотқа берілді. Бұл туралы Бас прокуратура Қылмыстық қудалау қызметі басшысының орынбасары Елдос Қилымжанов айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

Шымкентте тәртіпсіздіктер кезінде көліктерді өртеген 8 күдікті жауапқа тартылады

Оның айтуынша, жаппай тәртіпсіздіктер мен терроризм актілері Алматы, Шымкент қалалары, Ақтөбе, Атырау, Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Шығыс Қазақстан облыстарында тіркелген.

"Әрбір өңірде тергеу топтары мен тергелу әкереттері жүргізіліп, олардың аяқталуына қарай қылмыстық істер сотқа жолданып жатыр. Бүгінгі тергеу органдарының іс жүргізуінде аталған санатта 5 мың 41 қылмыстық іс бар. Олардың ішінде жаппай тәртіпсіздіктер бойынша 49 іс, терроризм актілері бойынша 45 іс бар", - деді Қылмыстық қудалау қызметі басшысының орынбасары ОКҚ-де өткен брифингте.

Ол Шымкентте қаңтар оқиғасына қатысқандар заң алдында жауап беретінін жеткізді.

"Шымкент қаласының прокуратурасы қиратулар, мүліктерді жою, көліктерді өртегені үшін, яғни жаппай тәртіпсіздіктерге қатысқаны бойынша 8 күдікті сотқа берілді. Бейнежазбада жаппай тәртіпсіздіктердің көрінісі көрсетілген. Қызылорда облысында осындай айыппен 7 адамға қатысты яғни кінәсін мойындау туралы процестік келісім жасау арқылы істер сотқа жіберілді", - деді Елдос Қилымжанов.

Дәурен Ерболат

Фото: charter97 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу