Шымкентте теннис орталығынан техникалар ұрлаған рецидивист ұры ұсталды

495

Ұрланған техникалардың құны 1 млн теңгеден асады.

Шымкентте теннис орталығынан техникалар ұрлаған рецидивист ұры ұсталды Фото: inbusiness.kz

Шымкентте теннис орталығынан құны 1 миллион теңгеден асатын техниканы ұрлаған рецидивист ұры ұсталды, деп хабарлайды inbusiness.kz ҚР ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ұрланған ноутбуктер мен смартфондар елордадан теннис турнирін өткізуге келген комиссия мүшелеріне тиесілі болып шықты.

Бейнекамералардағы жазбаларды зерделеу кезінде, қаскүнем теннис ойнауға келгендей, спорт орталығына емін-еркін кіргені және ашық тұрған қызметтік бөлмеден қымбат техниканы қолды етіп, оқиға орнынан бой тасалағаны белгілі болды.

Күдікті - бұрын осыған ұқсас қылмыс жасағаны үшін сотты болған 27 жастағы қала тұрғыны. Азаматтың тағы 7 ұрлық фактісіне қатысы бары анықталды.

Күдікті тағы бір ұрланған смартфонды кездейсоқ сатып алушыларға өткізу үстінде ұсталды.

Ол бір ай ішінде өзгенің 4 ұялы телефонын, ноутбук пен 2 ойын приставкаларын иемденген. Жалпы сомасы 2 млн теңгеден астам шығын емдеу орталығының, интернет-клуб және стоматологияның жұмысшылары мен шаштаразға келтірілген.

Күдіктіге 188-баптың 3-бөлігінің 2-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Ер адам қамауға алынды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу