Шымкентте терроризмді насихаттаған тұрғын 7 жылға сотталды

267

Ол діни алауыздық тудырмақ болған.

Шымкентте терроризмді насихаттаған тұрғын 7 жылға сотталды Фото: gov.kz

Ұлттық қауіпсіздік комитеті терроризмді насихаттау және діни алауыздықты қоздыру фактісі бойынша Шымкент қаласының тұрғынына қатысты қылмыстық істі тергеп-тексеруді аяқтады, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Шымкент қаласының қылмыстық істер бойынша ауданаралық соты оны аталған қылмыстарды жасағаны үшін кінәлі деп танып, 7 жылға бас бостандығынан айыруға жазалады. 

"Сотталған интернетте радикалды уағызшылардың дәрістерін зерделеп, Сириядағы діндестерімен байланыста болып, жалған атпен әлеуметтік желіде зорлық-зомбылық экстремизм идеологиялық материалдарын жариялаған", - делінген ҰҚК хабарламасында. 

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында оның кінәсі толықтай дәлелденді. 

2023 жылғы 17 қыркүйекте үкім заңды күшіне енді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу