Шымкентте тікелей эфирде балағат сөз айтқан әйел 7 тәулікке қамалды

163

Ол Астана тұрғыны болып шықты.

Шымкентте тікелей эфирде балағат сөз айтқан әйел 7 тәулікке қамалды Фото: Бейнежазбадан

Полиция әлеуметтік желідегі мониторинг барысында тікелей эфир кезінде балағат сөздер айтып, қоғамдық тәртіпті бұзған әйелді анықтады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Тексеру кезінде оның Астана қаласының 32 жастағы тұрғыны Арай Сәкен екені белгілі болды. Тікелей эфирге шыққан сәтте әйел Шымкенттегі жалдамалы пәтерде болған.

Аталған дерек бойынша әкімшілік іс қаралып, сот шешімімен әйел 7 тәулікке әкімшілік қамауға алынды.

Полиция әлеуметтік желідегі әрекеттер үшін де заң алдында жауапкершілік бар екенін ескертті. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу