Ұйымдасқан қылмыспен күрес жөніндегі басқармаға біреулер қалада өтетін тойдың аяғында отшашудың орнына оқ атылатынын айтып хабар берген. Ал жедел қызметкерлер оқиға орнына қонақ ретінде барған.
"Ақпарат рас болып шықты. Түн ортасында үйлердің бірінде екі қонақ аспанға бірнеше рет оқ атты", – дейді полицейлер.
Жедел қызметкерлер оқ атқандарды ұстап, нөмірі өшірілген АКСУ-47 жауынгерлік автоматы және АК-74 автоматын тәркіледі. Криминалистер оқиға орнынан 20 шақты гильза тапқан. Қазір заңсыз қару ұстауға қатысты сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу