Шымкентте Тоқтар Төлешовке тиесілі демалыс орны коммуналдық меншікке өтеді

335

Әкімдік ғимаратты көпсалалы Жастар сарайына айналдыруға шешім қабылдады.

Шымкентте Тоқтар Төлешовке тиесілі демалыс орны коммуналдық меншікке өтеді Фото: www.instagram.com

Шымкенттегі соңғы бірнеше жылда қаңырап бос тұрған Фосфорников сарайы қаланың коммуналдық меншігіне өтеді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Бұл  туралы мегаполис әкімі Ғабит Сыздықбеков Instagram парақшасында жазды.

Ғимарат "Дархан Групп" ЖШС жеке меншігінде болған, оның құрылтайшыларының бірі билікті басып алмақ болды деп сотталған кәсіпкер Тоқтар Төлешов.

2016 жылға дейін мұнда балалар клубтары жұмыс істеді. Бірақ Төлешовке қатысты үкім шыққаннан кейін ғимарат пен оның маңындағы аумақ тәркіленді, бірақ әкімдік оларды өз балансына қабылдамады. "Дархан Групп" ЖШС сыра зауытына бес жыл ішінде 1,8 миллиард теңге қарыз болғанын мәлімдеді. Содан бері ғимарат қараусыз қалды.

Шаһар басшысы әкімдік қалалық прокуратурамен, мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментімен бірлесіп, мәдениет ошағын қаланың коммуналдық меншігіне қабылдау алгоритмін әзірлегенін хабарлады.

"13 қарашада Фосфорников атындағы мәдениет орталығын қалалық коммуналдық меншікке беру туралы келісімге қол қойдық. Алдағы уақытта ғимарат аумағын абаттандырып, көпсалалы  қайта жаңғыртамыз. Нысан қаланың көрікті жерлерінің біріне айналып, халық игілігіне қызмет ететін болады", деп атап өтті Шымкент басшысы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу