Бұл туралы inbusiness.kz қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Шымкентте қоғамдық көліктерде тәулігіне 300 мыңнан асады транзакциялар жасалса, оның 85%-ы көлік карталарымен төлем жасалады екен.
Ал қалада өтінімдерді қабылдау және көлік карталарын беру бойынша 2 офис жұмыс істейді. Одан бөлек, халықты онлайн режимде қоғамдық көлік қозғалысы туралы хабардар етіп отыратын "I-Kolik" мобильді қосымшасы іске қосылған. Қазір қосымшаны пайдаланушылар саны 170 мыңнан асты. Жергілікті тұрғындар үшін қосымша тиімді екенін айтады. Үйден шықпай-ақ автобусыңыздың қайда келе жатқанын көруге болады және қаладағы барлық қоғамдық көліктің толық сызбасы көрсетіледі.
Үшінші мегаполис автобустарына "Төлем" электрондық билеттендіру жүйесі 2021 жылы енгізілген еді.