Шымкентте толық вакцина алған оқушылар мектепте оқи алады

1016

Биыл үшінші тоқсанда Шымкентте коронавирусқа қарсы вакцинаны толық алған оқушылар (12-18 жас) офлайн оқи алады, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы қалалық білім басқармасына сілтеме жасап.

Шымкентте толық вакцина алған оқушылар мектепте оқи алады

"Вакцинаның толық курсын алған 12-18 жас аралығындағы оқушылар ата-аналарының қалауымен және білім ұйымының шешімімен штаттық режимде білім алуына рұқсат беріледі", – деп жазылған білім басқармасының Facebook-те жариялаған хабарламасында.

Білім және ғылым министрінің баспасөз хатшысы Мөлдір Әбдуалиева бұл өзгеріс Шымкент қаласына ғана қатысты екенін атап өтті.

"Бұл өзгеріс Шымкент қаласына ғана қатысты. Әрбір облыстағы білім басқармалары Білім және ғылым министрлігіне емес, әкімдіктерге қарайды. Сондықтан сіз айтқан қаулы Шымкент қаласына ғана қатысты болып саналады", – деді баспасөз хатшысы.

Айта кетейік, Бүгінде Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасына сәйкес, Шымкент "қызыл" аймақта тұр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу