Шымкентте төрт күнде 114 авто заңдастырылды

Шаһарда 1215 өтінім алдын ала мақұлданды, деп жазады inbusiness.kz. 

Шымкентте төрт күнде 114 авто заңдастырылды Фото: Almaty.tv

Шымкентте шетелдік автокөліктердің тіркеу науқаны басталғалы бері 114 автокөлік заңдастырылды. Көлік иелеріне қазақстандық техпаспорттар мен мемлекеттік нөмірлер берілді.

Айта кетейік, Қазақстан азаматтары 2022 жылдың 1 қыркүйегіне дейін шетелден әкелген жеңіл автомобильдер, шағын және орта автобустар, шағын жүк көліктері, басқару рөлі оң жақта орналасқан көлік құралдарын заңдастыра алады.

"2023 жылдың 1 шілдесіне дейін шетелдік көлік құралдарын заңдастыру алғашқы тіркеу үшін алым (200 мың теңге), техпаспорт үшін мемлекеттік баж (4 313 теңге) және мемлекеттік нөмір үшін (9 660 теңге) төлеу арқылы іске асады", – деп хабарлады Шымкент қаласы ПД-нің баспасөз қызметі.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу