Шымкентте төрт жылда бір өткізілетін V жастар спорт ойындары басталды

821

Жарыста елордадан 600-ге жуық спортшы бақ сынайды.

Шымкентте төрт жылда бір өткізілетін V жастар спорт ойындары басталды

Шымкентте Қазақстан Республикасының  V жастар спорт ойындары жалауын көтерді. Төрт жылда бір өтетін дүбірлі дода биылғы жылы спорттың 36 түрінен өтеді, деп хабарлайды inbusiness.kz елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

10 наурыз күні басталған кешенді жарыс осы жылдың тамыз айына дейін жалғасады.

Нұр-Сұлтан қаласының құрама командасынан 594 спортшы спорттың 32 түрінен бақ сынайды. Олардың ішінде: оқ ату, көркем гимнастика, еркін күрес, дзюдо, грек-рим күресі, спорттық гимнастика, спорттық құзға өрмелеу, су добы, садақ ату, қазіргі бессайыс, баскетбол (жасөспірімдер, қыздар), бокс (ерлер мен әйелдер), жеңіл атлетика, үстел теннисі, жүзу, стенд ату, ауыр атлетика, таеквондо, батуттық гимнастика, велоспорт (тас жол), велоспорт (вмх), каратэ-до, регби (ерлер), семсерлесу, велоспорт, велоспорт (маунтинбайк)(трек), гандбол (әйел), теннис, триатлон, академиялық есу секілді спорт түрлері бар.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу