Бүгін Шымкенттегі трансформатор зауыты салтанатты түрде іске қосылды, деп хабарлайды otyrar.kz.
Кәсіпорын 500 Квт -қа дейін энергия көзін өндіреді. Оның ашылу рәсіміне қазақстандық мамандар ғана емес, шетелдік сарапшылар да жиналды.
Ресей, Иран, Ауғанстан, Қытай мемлекеттерінен келген технологтар зауыттың жұмысына оң баға берді.
Кәсіпорын 550 адамды жұмыспен қамтиды. 2016 жылы басталған жобаның құрылысына 17 млрд теңге қаржы жұмсалған. Оған "Қазақстанның Даму банкі" мен "БРК-Лизинг" АҚ-ы қаржылай қолдау көрсетті.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу