Шымкентте түнде отшашу атқан 5 тұрғын жауапқа тартылды

218

Оларға қатысты әкімшілік хаттама толтырылып, жауапкершілікке тартылды.  

Шымкентте түнде отшашу атқан 5 тұрғын жауапқа тартылды Фото: gov.kz

Шымкенттің Абай ауданында полиция түнгі уақытта тұрғындардың тыныштығын бұзып, елді мекен аумағында пиротехникалық бұйымдар қолданған бес адамды анықтады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Рейдтік-профилактикалық іс-шаралар барысында тәртіп сақшылары олардың әрекетін тоқтатты. Пиротехниканы елді мекен аумағында қолдану дерегі бойынша бес әкімшілік хаттама толтырылып, тұрғындар жауапкершілікке тартылды.

Полиция пиротехникалық бұйымдарды белгіленбеген орындарда және беймезгіл уақытта пайдалануға болмайтынын ескертті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу