Шымкентте тұрғын үй кешені пайдалануға берілді

1273

80 пәтер бар кешен "Нұрлы жер" бағдарламасы аясында салынған.

Шымкентте тұрғын үй кешені пайдалануға берілді

Шымкентте Конституцияның 25 жылдық мерекесі қарсаңында көпқабатты баспана пайдалануға берілді. Жаңа нысанның салтанатты ашылуына қала әкімі Мұрат Әйтенов қатысты, деп хабарлайды otyrar.kz.

Айтуынша, аталған бағдарлама шеңберінде шаһарда биыл 104 үй пайдалануға беріледі. Жыл соңына дейін, 6 мыңға жуық отбасы қоныс тойын тойлайды.

"Қалада құрылыс қарқын алып келеді. Баспанаға деген сұраныс та зор. Қолжетімді баспаналардың көлемін әлі де арттыру керек. Біз қазір осы бағытта жұмыс істеп жатырмыз", - дейді Мұрат Әйтенов. 

Мұндағы пәтерлерді "Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" арқылы "7-20-25" бағдарламасымен сатып алуға болады.

Айта кетейік, өткен жылы "Нұрлы жер" бағдарламасымен 300 мың шаршы метрге жуық тұрғын үй пайдалануға берілген болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу