Шымкентте тұрғындарды 60 млн теңгеге алдаған әйел іздестіріліп жатыр

2648

Күдікті тергеу органдарынан жасырынып жүр

Шымкентте тұрғындарды 60 млн теңгеге алдаған әйел іздестіріліп жатыр Фото: Polisia.kz

Қалалық полиция департаментінің хабарлауынша, күдікті әйел бұрын да іздеуде болған.

"Мыңбаева Азиза Мамытқызы 1963 жылы туған. ҚР ҚК-нің 190-бабының 4-бөлігі "Аса ірі мөлшерде жасалған алаяқтық" бойынша күдікке ілінді. Ол 5 азаматты 60 млн теңгеге алдап соққан. Ол жәбірленушілерден жылжымайтын мүлік құнының 10-15 пайызын төлеп, сенімхат жазып беруге көндіріп, қалған соманы жақын арада төлеуге уәде берген. Қажетті құжатты алғаннан кейін, ол басқа біреудің мүлкін қайта сатып жүрген", - дейді полицейлер.

Қазіргі уақытта әйел тергеу органдарынан жасырынып жүр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу