Шымкентте сотталғандарды азаптау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Адам құқықтары жөніндегі уәкіл таратқан мәліметке сәйкес, өңірлік өкіл жеке қабылдау өткізгенде сотталғандардың біреуі арызданған. Оның айтуынша, былтыр жазда мекеме қызметкерлері қолына кісен салып, ұрып-соғып, темір торға іліп қойған. Осылайша, 4 сағат бойы асулы күйде ұстаған. Онымен қоймай, аяқ киімін шешіп, табанынан шоқпармен ұрған. Ал тағы бір сотталғанның жақ сүйегін сындырған.
Өңірлік өкілдің араласуымен түрме қызметкерлері билікті асыра пайдаланғаны үшін тергеуге алынған болатын. Бірақ полицейлер азаптау әрекеті бар деген шешімге келді. Бас прокуратура осы ұстанымды қолдап, адамдар тобымен жасалған азаптау фактілері бойынша қылмыстық іс қозғалды. Мекеменің үш қызметкері қамауға алынды.
Айта кетері, мұндай қылмыстар үшін 5 000 АЕК-ке (2026 жылы - 21,6 млн теңгеге) дейiн айыппұл салу, не түзеу жұмыстарына салу, я болмаса, алты жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу не сол мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Сондай-ақ үш жылға дейін белгілі бір лауазымдарды атқаруға тыйым салынады.