Шымкентте түрмеге бір ай бұрын отырған сотталушы жұмбақ жағдайда қайтыс болды

235

Құқық қорғау органдарының өзі оның ұзаққа созылған сырқаттан қайтыс болғанын айтты. 

Шымкентте түрмеге бір ай бұрын отырған сотталушы жұмбақ жағдайда қайтыс болды Фото: Pixabay.com

Шымкенттегі түрмеде 37 жастағы сотталушы жұмбақ жағдайда көз жұмды. Ал азаматтың туыстары мекеме қызметкерлері оны ұрып өлтірген деп отыр, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Күзет мекемесі басшысының дерегінше, бопсалау фактісі бойынша 3,5 жылға сотталған азамат түрмеге түскен сәттен бастап асқазан ауруымен ауырған. 5 рет медициналық көмекке жүгінген. Ол соңғы рет 3 қыркүйекте ауруханаға түсіп, кейін қайтыс болды.

Қазір медициналық қызметкерлер мен түзеу мекемесінің қызметкерлеріне қатысты ішкі аудит жүргізіліп жатыр. Ер адам бір ай бұрын темір торға тоғытылған. Марқұмның артында әйелі мен үш баласы қалды. Қандай бап бойынша қылмыстық іс қозғалатыны сот-медициналық сараптамадан кейін белгілі болады.

"Қазір тергеу жүріп жатыр. Қылмыстық іс қозғалып, тиісті органдарда тергеледі. Әрине, марқұмның туыстары бізге сенбейді. Бәлкім, олар оны ұрды деп ойлайтын шығар. Тексеру қорытындысы туыстарына хабарланады", – дейді қылмыстық атқару жүйесінің Шымкент қаласы мен Түркістан облысы бойынша департаментінің №54 мекемесінің басшысы Серікбай Дүйсенов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу