Шымкентте тұрмыстық зорлық-зомбылық істері бір тәулікте сотқа жолдануда

101

Әйеліне күш көрсеткен тұрғын ұсталды  

Шымкентте тұрмыстық зорлық-зомбылық істері бір тәулікте сотқа жолдануда Фото: aikyn.kz

Шымкент қаласында прокуратура, сот және Сот сараптамалары институты арасында қылмыстық қудалаудың жеделдігін арттыруға бағытталған өзара тиімді іс-қимыл тетігі жолға қойылды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Жаңа механизм аясында тұрмыстық зорлық-зомбылық пен есірткі құралдарының заңсыз айналымына қатысты қылмыстық теріс қылықтар 24 сағат ішінде сотқа жолдануда.

Мәселен, қала тұрғындарының бірі отбасылық жанжал кезінде жұбайына күш қолданған. Іс бойынша сот-медициналық сараптама қорытындысы жедел алынып, құқық бұзушы уақытша ұстау изоляторына қамалып, материалдар сол күні сотқа жіберілген.

Енгізілген тәртіп нәтижесінде аталған санаттағы 30 қылмыстық іс бір тәулік ішінде сот қарауына жолданды.

Құқық қорғау органдарының мәліметінше, қабылданған жүйелі шаралардың нәтижесінде тұрмыстық құқық бұзушылықтарды қайталап жасау фактілері тіркелмеген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу